14 келіден астам гашиш пен 42 келі марихуана сатпақ болғандар қамалды

Ұлттық қауіпсіздік комитеті есірткі топтарын жою туралы ақпарат таратты, деп хабарлайды BAQ.KZ.

 ҰҚК баспасөз қызметі 11 Қараша 2024 2024, 09:48
11 Қараша 2024 2024, 09:48
883
Фото: ҰҚК баспасөз қызметі

Ұлттық қауіпсіздік комитеті есірткі топтарын жою туралы ақпарат таратты, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Осы жылдың қазанында ҰҚК Жамбыл облысы бойынша департаменті прокуратура органдарының үйлестіруімен қатысушылары есірткіні аса ірі көлемде тасымалдады және сатты деген күдікпен екі есірткі тобының әрекетінің жолын кесті.

Сонымен, Т.Рысқұлов және Меркі аудандарында 14 кг-дан астам гашиш пен 42 кг марихуананы сатуға әрекеттенген екі Қазақстан азаматы ұсталып, сот санкциясымен қамауға алынды. Қылмыстық кодекстің 297-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде, - делінген хабарламада.

Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабы 1-бөлігіне сәйкес өзге ақпарат жария етілмейді.

Наверх