13 жолаушыдан коронавирустың омикрон штамы анықталды

29 Қараша 2021, 08:15
2039
Бөлісу:
13 жолаушыдан коронавирустың омикрон штамы анықталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Нидерланды еліне Оңтүстік Африкадан келген 13 жолаушыдан коронавирустың омикрон штамы анықталды.

Голландия мемлекетіне 26 қарашада Оңтүстік Африкадан келген екі рейстің 624 жолаушысы ПТР-тестілеуден өткізілді. Тексеруден өткізілген жолаушылардың 61-нен коронавирус инфекциясы анықталды. Қазіргі уақытта инфекция жұқтырғандар оқшауланған, ал алынған сынамаларға қосымша зеріттеулер жүргізілуде. 

Израиль билігі омикрон штамының анықталуына байланысты шекарасының 14 күнге жабылатынын жариялады. Арнайы комиссия мақұлдаған жағдайларды қоспағанда, барлық шетелдіктің келуіне тыйым салынады. Вакцина алған немесе аурудан сауығып шыққан Израиль азаматтары елге келгеннен кейін ПТР-тест тапсырып, кейіннен үй карантинінде болуы керек. 

Омикрон штамының таралуына байланысты Филиппин мемлекеті Еуропаның 7 елінен келетін адамдарға кіруге тыйым салды. Бұл тізімге Австрия, Бельгия, Венгрия, Италия, Нидерланды, Чехия және Швейцария кіреді. Алғаш тыйым салынған мемлекеттердің тізіміне тек Оңтүстік Африка елдері енген. Мұндай шектеу 28 қарашадан 15 желтоқсанға дейін жалғасады.

Өзгелердің жаңалығы