Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазгидромет 13 наурызда республика бойынша жел күшейіп, тұман күтіледі, деп хабарлайды «Қазгидромет» РМК.
Оңтүстік циклон Қазақстанның бүкіл аумағына өз ықпалын тигізеді, тек республиканың ең шеткі солтүстігі мен солтүстік-батысы суық антициклон жотасының ықпалында қалады. Осылайша, жоғары температуралық контрасттар мен көлденең қысым градиенттерінің жоғарылауы аясында Қазақстан Республикасының аумағында фронтальды аймақ қалыптасады. Осыған байланысты, жауын-шашын жауады, солтүстікте қар жауып жаяу бұрқасын күтіледі, республиканың оңтүстік жартысында көбінесе жаңбыр түрінде, оңтүстіктің, оңтүстік-шығыс және шығыстың таулы аймақтарында қатты жауын-шашын жауып, көктайғақ болады. Республика бойынша жел күшейіп, тұман күтіледі.
Ақмола, Павлодар облыстарының оңтүстік жартысында, Қостанай облысының оңтүстігінде, солтүстік-шығысында, күндіз Солтүстік Қазақстан облысының оңтүстік-шығысында жаяу бұрқасынмен, желдің 15-20 м/с дейін күшеюі, Қостанай облысының оңтүстігінде тұман күтіледі.
Алматы облысының солтүстігінде және таулы аудандарында тұман, көктайғақ, күндіз облыстың шығысында желдің 15-20 м/с күшеюі күтіледі.
Түркістан облысының таулы және тау бөктерлі аудандарында найзағай, жел 15-25 м/с жылдамдықпен соғады. Жамбыл облысының солтүстігінде және таулы аудандарында тұман, көктайғақ, облыстың оңтүстігінде, солтүстігінде және таулы аудандарында найзағай, желдің 15-23 м/с күшеюі күтіледі.
Түнде және таңертең Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, батысында - тұман, күндіз облыстың орталығында, оңтүстігінде, шығысында – бұрқасын, желдің күші 15-20, екпіні 23 м/с жетеді.
Қызылорда облысының солтүстігінде – көктайғақ, тұман, күндіз облыс орталығында желдің 15-20 м/с күшеюі күтіледі.
Қарағанды облысының солтүстігінде, орталығында - көктайғақ, жаяу бұрқасын, желдің 15-20 м/с күшеюі, облыстың шығысында – тұман күтіледі.
Батыс Қазақстан облысының батысында тұман күтіледі. Атырау, Маңғыстау облыстарының солтүстігінде, батысында тұман, көктайғақ күтіледі. Ақтөбе облысының орталығы мен оңтүстігінде жаяу бұрқасын болады.