13 лауазымды тұлға жауапқа тартылды

3 Тамыз 2020, 20:50
1390
Бөлісу:
13 лауазымды тұлға жауапқа тартылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. СҚО полицейлерімен жолдарды сапалы күтіп-ұстамағаны үшін 13 лауазымды тұлға жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды Polisia.kz.

СҚО ПД Әкімшілік полиция басқармасының қызметкерлерімен жылына екі рет автомобиль жолдарына, көше-жол тораптарына және құрылыстарына кешенді тексеру жүргізіледі. Жол және техникалық инспекция бөлімінің мамандарымен автожолдардың техникалық жағдайы, жол инфрақұрылымдарының ережелер мен стандарттарға сәйкестілігі, жаңғырту жұмыстары жүргізіліп жатқан жолдардан басқа республикалық маңызы бар тас жолдар инспекцияланады.

Тексеру барысында 1716 жол белгілері мен бағыттық көрсеткіштерді орнату және ауыстыру, сондай-ақ 18 автобус павильоны мен тұрақтарды жөндеу қажеттілігі анықталды. 26 көпір мен жол сымдарын тексеру кезінде 71 ақау анықталды. Тексеріс нәтижесі бойынша барлық мүдделі органдарға жол жүрісін ұйымдастыруды жақсарту бойынша ұсынымдар жолданды. Петропавл қаласындағы жол-көше торабы да жөндеуді қажет етеді. Оның ішіндегі өзектісі – Ғ. Мүсірепов және Индустриальный көшелерінің қиылысына бағдаршам объектілерін орнату, аталған жерде жаңа шағын аудандардың дамуына байланысты көлік және жаяу жүргіншілер легі едәуір артқан.

Көлік қозғалысы көп төрт көше қиылысын босату үшін оларды оң жаққа бұрылатын жолдармен жабдықтау ұсынылды. Полицейлер, сондай-ақ қала шетіндегі көшелердің апаттық қауіпті учаскелерін жарықтандыруды, жаңа тұрғын үйді жоспарлау және салу кезінде көлік тұрақтарын қарастыруды да ұсынды. Петопавл қаласында орнатылған 101 бағдаршам объектісінің 32-сін стандартқа сай қосымша жарақтандыру қажет.
Жол қозғалысының қауіпсіздігі көптеген факторларға байланысты болып келеді, мәселен, жолдың жағдайына, көрінуіне, жол белгілерінің орналасу жүйесіне. Қалалықтардан қосымша жол белгілерін және жаяу жүргіншілер жолақтарын орнату туралы ұсыныстар жиі түсіп жатады. Олардың тек белгіленген ережелер мен стандарттарға сай орнатылатынын ескерген жөн. Полиция департаментіне немесе әлеуметтік желіге келіп түсетін әр өтініш аталған орындарға шығумен қарастырылады. Әкімшілік полиция қызметкерлері жол-көлік торабын жетілдіруге үлестерін қосу үшін кез келген мүмкіндікті пайдаланады, – дейді СҚО Полиция департаменті Әкімшілік полиция басқармасының ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспекторы Евгений Гокин. 

Сонымен қатар, ақпаратта Белое ауылы маңындағы Челябі-Новосібір тас жолын жарықтандыру; Қызылжар ауданының орталығы Бескөл ауылының орталығындағы тас жол үстінен жол өткелін салу; Екатеринбург-Алматы, Жезқазған-Петропавл жолдарын кеңейту туралы ұсыныстар бар.

Сондай-ақ, кешенді тексеру кезінде жолды және жол құрылыстарын күтіп-ұстаудың 1000 астам кемшілігі анықталып, 13 лауазымдық тұлға жауапкершілікке тартылды.


Өзгелердің жаңалығы