Қазгидромет алдағы демалыс күндеріне арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Синоптиктердің мәліметінше, аязды, жауын-шашынсыз ауа райымен келген антициклон Қазақстан аумағынан шығып барады. Оның орнына қуатты циклон жылжып келеді.
Ылғалды ауа массаларымен толығатын бұл циклон республика аумағының басым бөлігіне жаңбыр мен қар түріндегі жауын-шашын, көктайғақ, бұрқасын алып келеді, – делінген синоптиктердің болжамында.
Жауын-шашынмен бірге циклон желдің күшеюін де тудырады. Батыс, солтүстік және орталық өңірлерде желдің екпіні секундына 30 метрге дейін және одан да күштірек болуы мүмкін.