120 пәтер сатып алуға бюджеттен 2,2 млрд теңге бөлінді. Кімдерге беріледі

17 Маусым 2024, 21:00
418
Бөлісу:
120 пәтер сатып алуға бюджеттен 2,2 млрд теңге бөлінді. Кімдерге беріледі
Фото: Ақмола облысының әкімдігі

Қосшы қаласында халықтың әлеуметтік аз қамтылған топтарына арналған 120 пәтерді сатып алу жоспарлануда, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Қосшы қаласына жұмыс сапары аясында облыс әкімі «Лесная поляна» тұрғын алабында, сондай-ақ кезекте тұрғандар үшін пәтерлер берілетін «Ақ шаңырақ» және «Dream Park» тұрғын үй кешендерінде болды. Алғашқы 20 пәтерде қоныс тойы жақын арада тойланады.

«Алтын ұя 2021» ЖШС құрылыс компаниясының директоры Азамат Әміржанов «Dream Park» ТК құрылысы мен әрлеу жұмыстары жоспар бойынша жүргізілгенін хабарлады. Пәтерлер таза әрленген күйінде, санфаянс және газ плиталарымен жабдықталған.

Қосшы қаласындағы 120 пәтерді сатып алуға бюджеттен 2,2 млрд теңге бөлінді. Жалпы облыс бойынша осы санатқа жалпы құны 16 млрд теңге болатын 840 пәтер бөлінеді, - деп атап өтті құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы басшысының орынбасары Азамат Байқуанышев.

Кездесу соңында өңір басшысы басты талап - тұрғын үйдің сапасы және барлық қажетті инфрақұрылыммен қамтамасыз ету екендігін, сондай-ақ ішкі әрлеу жұмысының да сапасы маңыздылығын атап өтті.

Пәтерлер тұрғын үй алатын әрбір отбасы үшін қосымша шығынсыз, бірден келіп тұра алатындай барлық қажеттіліктермен қамтамасыз етілуі тиіс, - деп атап өтті Марат Ахметжанов.

Өзгелердің жаңалығы