Бұл туралы Премьер-министрдің орынбасары-Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Айтуынша, жемқорлардан алынған 120 млрд теңге көлеміндегі қаражат елімізде мектеп салу үшін арнайы шотқа аударылған.
Шотқа 120 млрд теңге шамасындағы қаржы аударылды. Оқу-ағарту министрлігінен өтінім күтіп отырмыз. Яғни бірінші кезекте қажеттіліктері ар мектептерді жөндейміз. Олардың қатарында бастапқы жөндеу жұмыстарын жүргізіп, кеңейту үшін белгілі құрылыстарды аяқтауды талап ететін үш ауысымды мектептер бар, - деп жауап берді Ерұлан Жамаубаев Сенат отырысынан кейін кулуарда БАҚ өкілдеріне берген сұхбатында.
Үкімет басшысының орынбасары өтінімдерді қабылдау басталады.
Қазір өтінімдерді қабылдау процесі жүргізіліп жатыр. Осы өтінімдерді қабылдап аяқталысымен республикалық бюджеттік комиссияға енгіземізү Одан кейін ақшаны сәйкес өңірлерге жібереміз, - деп атап өтті Қаржы министрі.
Белгілі болғандай, арнайы шот Қаржы министрлігінің Қазынашылық комитетінде ашылған.
Еске сала кетейік, бұған дейін Ерұлан Жамаубаев доллар бағамының түсуі себепте елде азық-түлік те арзандауы мүмкін екендігін айтқан болатын. Министр жағдай екі-үш айда оңалады деп сендірді.