Қазақстанның соңғы жаңалықтары

120 000 көрермен, жаңа рекорд: Қарағанды Шахтерлер күнін дүркіретіп тойлады

31 Тамыз 2025, 15:56
440
Бөлісу:
 Qarmet
PHOTO
Фото: Qarmet

Қарағанды десе, Алаш алыптары Әлихан Бөкейхан, Әлімхан Ермеков, әйгілі әнші-күйшілер Күләш Байсейітова, Мағауия Хамзин, екінші дүниежүзілік соғыстың қаһарман батырлары Қазбек Нұржанов пен Нұркен Әбдіровтер бірден ойға оралады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Ұлы тұлғаларға тұғыр болған бұл өлкенің топырағы ежелден-ақ киелі.

120 000 көрермен, жаңа рекорд: Қарағанды Шахтерлер күнін дүркіретіп тойлады

Құйқалы өңір жер астындағы мол қазынасымен де танымал. Көмір өнеркәсібі бүгінде облыс экономикасының 2,8%-ын, ал жалпы өндіріс көлемінің 6,4%-ын құрайды.

120 000 көрермен, жаңа рекорд: Қарағанды Шахтерлер күнін дүркіретіп тойлады

Өңіріміздегі 10 шахтадан соңғы 7 айда 21,6 млн тонна көмір өндірілген, оның 4,5 млн тоннасы Ресей, Қырғызстан, Беларусь, Өзбекстан сынды алыс-жақын шет елдерге экспортталады. Жалпы, көмір өндіруде облыста тұрақты оң динамика байқалады. Былтыр 20,4 млн тонна өндірілсе, биыл ол көрсеткіш 5,8%-ға артты. Бұл қайласы қайыспас қара нарларымыздың жемісі.

120 000 көрермен, жаңа рекорд: Қарағанды Шахтерлер күнін дүркіретіп тойлады

Осындай қажырлы еңбек пен табанды күш-жігердің қадірі ерекше бағаланатын сәт – Кеншілер күні. Айтулы күнге орай облысымызда 40-қа жуық түрлі форматтағы іс-шаралар ұйымдастырылды. «Qarmet» компаниясы мен жергілікті атқарушы органдар бірлесіп, Қарағандыда 120 мыңға жуық адам тамашалаған ауқымды концерттік бағдарлама ұйымдастырды.

120 000 көрермен, жаңа рекорд: Қарағанды Шахтерлер күнін дүркіретіп тойлады

Бүгін Шахтинск, Абай және Саран қалаларында мерекелік шаралар жалғасуда. Шара аясында көрермен қауым әртістердің өнерін тамашалап қана қоймай, жеті қат жер астынан қара алтын өндіретін кеншілеріміздің мемлекеттік наградалармен марапатталған сәтінің куәсі болады.

Өзгелердің жаңалығы