12 жыл бойы өтіп келген Астана экономикалық форумы тоқтады

5 Ақпан 2020, 12:42
2515
Бөлісу:
12 жыл бойы өтіп келген Астана экономикалық форумы тоқтады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Жылына миллиондаған қаржы жұмсалатын Астана экономикалық форумы өтпейтін болды. Бұл туралы тілшілерге Мәжіліске келген ҚР премьер-министрінің бірінші орынбасары әрі қаржы министрі Әлихан Смайылов айтты.

Биыл біз ДСҰ (Дүниежүзілік сауда ұйымы) министрлер форумын өткізіп жатырмыз. Бұл халықаралық форум, оған министрлер деңгейіндегі 200-ге жуық мемлекет қатысады. Осы форумға Астана экономикалық форумында қосып жібереміз. Бұрынғыдай жеке өткізуді тоқтаттық, - деді Әлихан Смайылов.  
Осылайша, ол ақша үнемделетінін айтып отыр.
Көктемде барлығын нақтылап ұсыныстар енгізуді жоспарлап отырмыз. Бірақ бұл мемлекет басшысының тапсырмасын орындауға байланысты болады, - деді вице-премьер.  

Осының алдында президент Үкіметтің кеңейтілген отырысында Қасым-Жомарт Тоқаев ысырапшылдыққа жол берілмеу керектігін тапсырған.

Айта кетейік, Астана экономикалық форумы 2008 жылдан бері тұрақты өткізіліп келген. Оған мемлекет бюджетінен миллиондаған қаржы бөлінеді. Былтырғы жылы әлемнің 100-ден астам елінен 5 мыңға жуық делегат келді.

Бұған дейін Ақтоты Райымқұлова 2019 жылы қанша заңсыз лотерея өткізгендер ұсталғанын айтты.
Өзгелердің жаңалығы