"Қазгидромет" синоптиктері 12 желтоқсанға арналған ауа райы болжамын ұсынды. Синоптиктер бірнеше өңір тұрғындарына қолайсыз ауа райына дайын болу керегін айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Синоптиктердің мәліметінше, солтүстік-батыс циклонының ойысы мен оған қатысты атмосфералық фронттардың әсерінен еліміздің басым бөлігінде қар жауады.
Батыс пен оңтүстікте жаңбыр мен қар түріндегі жауын-шашын түсіп, жел күшейіп және тұман түседі.
Солтүстік, шығыс және оңтүстік облыстардың таулы аймақтарында боран болады, ал оңтүстікте, батыста және орталық өңірлерде көктайғақ болуы мүмкін, - деп хабарлады "Қазгидромет" баспасөз қызметі.
Сонымен қатар солтүстік антициклонның ықпалымен елдің шығысы мен оңтүстік-шығысында күн жауын-шашынсыз болады.
Ал Жетісу облысы Алакөл көлдері ауданында желдің екпіні секундына 30 метрге және одан да жоғары болады.