12 турист мінген әуе шары құлап, екі адам қаза тапты

Дубайдың шөл даласында 12 турист мінген әуе шары құлап, екі адам қайтыс болды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

 thevoicemag.ru 4 Сәуір 2025 2025, 23:17
4 Сәуір 2025 2025, 23:17
1335
Фото: thevoicemag.ru

Дубайдың шөл даласында 12 турист мінген әуе шары құлап, екі адам қайтыс болды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

12 адам таң ата бір сағаттық экскурсияға аттанған. Ұшатын биіктік 1,2 шақырымды құрауы тиіс болған.

Алайда шар көтерілгеннен кейін шайқала бастаған. Әуе шарында болған ресейлік туристердің айтуынша 40 минут ұшқаннан кейін шар шайқалып, бір жағына қисайып, құлап түскен. Бір ер мен бір әйел сол жерде көз жұмған. Қалған туристер түрлі жарақатпен ауруханаға жеткізілді. Арасында жағдайы ауырлары да бар.

Наверх