Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. "Қазгидромет" РМК синоптиктерінің болжамына қарағанда, атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты, республиканың басым бөлігінің кей жерінде жаңбыр жауады. Кей жерінде тұман, желдің күшеюі, найзағай сақталады, оңтүстікте бұршақ жаууы ықтимал.
Оқи отырыңыз:
Күндіз Қарағанды облысының кей жерінде жел 15-20 м/с күшейеді.
Атырау облысының кей жерінде тұман түсіп, күндіз кей жерінде жел 15-20 м/с күшейеді.
Жамбыл, Маңғыстау, түнде және күндіз Шығыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан, Павлодар облыстарының кей жерінде тұман түседі.
Түркістан, Қарағанды облыстарының кей жерінде бұршақ жаууы ықтимал