12 наурызда елімізде тұман, көктайғақ күтіледі

12 Наурыз 2020, 08:46
1258
Бөлісу:
12 наурызда елімізде тұман, көктайғақ күтіледі

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Республиканың көп бөлігіне антициклон әсер етеді, жауын-шашын күтілмейді. Тек елдің батысы мен оңтүстігінде фронтальды учаскелерде жаңбыр жауады (көбінесе жаңбыр), деп хабарлайды "Қазгидромет" РМК.

"Қазгидромет" РМК мәліметінше, республиканың кей жерлерінде жел күшейеді, тұман түседі, солтүстікте көктайғақ болады.

Солтүстік Қазақстан облысында кей жерлерде тұман түседі, жел 15-20 м/с күшейеді.

Жамбыл, Шығыс Қазақстан облыстарында кей жерлерде тұман түседі, түнде Жамбыл облысында, күндіз Шығыс Қазақстан облысында кей жерлерде жел 15-20 м/с күшейеді.

Түркістанда, күндіз Батыс Қазақстан, Ақтөбе облыстарында, кей жерлерде желдің күші 15-20 м/с жетеді.

Маңғыстау, Қостанай, Павлодар, күндіз және таңертең Атырау облыстарының кей жерлерінде тұман түсіп, түнде, Қостанай облысында кей жерлерде 18 м/с жел күшейеді.

Ақмола облысында кей жерлерде тұман, көктайғақ күтіледі.

Күндіз Алматы облысында Жалаңашкөл ауданында желдің күші 15-20 м/с күшейеді.



Өзгелердің жаңалығы