Есмағамбетова вакцинадан кейін қанша адам індет жұқтырғанын айтты

20 Тамыз 2021, 17:11
8863
Бөлісу:
Есмағамбетова вакцинадан кейін қанша адам індет жұқтырғанын айтты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы ҚР Президенті жанындағы ОКҚ-да өткен брифингте ҚР ДСМ санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің төрағасы Айжан Есмағамбетова айтты.

Біз алғашқы доза алғандар бойынша есеп жүргіземіз. Себебі екінші компонентті алатындар да сол адамдар. Халықтың 6,3 млн-ы вакцина алды. Вакцина алғандардың ішінде 12 528 адам ауырды. Бұл 0,2 пайызды ғана құрап отыр. Вакциналар бойынша жіктесек: Суптник – 9 608, QazVac- 228, Hayat – 1 330, CoronaVac – 349. Жалпы алғашқы дозаны алғандардың 0,2 пайызын құрап отыр, -  деді ол.

Осыған дейін Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой вакцина сатып алуға қанша қаржы жұмсалғаны мен вакцинадан кейін қанша адам қайтыс болғаны туралы айтты.
Өзгелердің жаңалығы