12 мыңға жуық жүргізуші жол ережелерін қасақана бұзған – ІІМ

5 Желтоқсан 2022, 11:50
958
Бөлісу:
12 мыңға жуық жүргізуші жол ережелерін қасақана бұзған – ІІМ

Бұл туралы Ішкі істер министрлігінің апталық баспасөз мәслихатында белгілі болды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі. 

ІІМ енгізіп жатқан цифрлық жобалардың бірі – полицейге жол жүрісі қағидасын бұзушыны анықтауға мүмкіндік беретін «Қорғау» қосымшасы. Бағдарлама көше камераларының деректерін талдай отырып, жақын маңдағы полицейдің планшетіне қауіпті жүргізушінің оған жақындағаны туралы сигнал береді. Бұл жол қозғалысы ережесін өрескел бұзушы немесе машинаны жоғары жылдамдықпен басқаратын жүргізуші болуы мүмкін, - деп атап өтті елдегі криминогендік жағдайға тоқталған Ішкі істер  министрлігінің өкілі Шұғыла Тұрлыбек.

Айтуынша, осындай жоба 7 қалада жүзеге асырылып отыр.

Қазір мұндай жоба еліміздің 7 қаласында – Астана, Алматы Шымкент, Өскемен, Атырау, Петропавл және Түркістанда жүзеге асырылуда. Қосымшаның көмегімен айыппұл тұрағына жол қозғалысы ережелерін қасақана бұзушылардың 12 мыңға жуық автокөлігі қойылды. Жалған мемлекеттік нөмірлерді пайдаланудың 740 фактісі анықталды. Басқару құқығы жоқ немесе бұрын құқығынан айырылған 2 370 жүргізуші ұсталды, - деді ІІМ өкілі. 

Өзгелердің жаңалығы