12 мың оқушы мектепке қажетті құрал-жабдықпен қамтылады

20 Тамыз 2022, 17:56
1779
Бөлісу:
12 мың оқушы мектепке қажетті құрал-жабдықпен қамтылады

1-сыныпқа баратын 12 мың оқушы Самұрық-Қазына-дан мектепке қажетті құрал-жабдықтар мен рюзактар алады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Көмекпен жергілікті атқарушы органдар ұсынған тізімдер бойынша халықтың әлеуметтік осал топтарына жататын отбасылар қамтылатын болады.

Жобаның бюджеті - 185 млн теңге. Қазіргі уақытта мектеп заттарын жеткізу аяқталып, сыйлық жиынтықтары тапсыруға дайын тұр.

«Samruk-Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларды дамыту қорының қолдауымен «Мектепке жол» акциясы 19 тамызда басталып, 1 қыркүйекте аяқталады.

Сыйлық жиынтықтарын жеткізу және тарату Ақмола, Ақтөбе, Атырау, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Маңғыстау, Қызылорда, Түркістан, Павлодар және Абай облыстарында «Самұрық-Қазына» АҚ тобы кәсіпорындарының волонтерлері мен қызметкерлерінің күшімен жүзеге асырылатын болады.

Өзгелердің жаңалығы