12 қарашада ТМД Үкімет Басшылары Кеңесінің отырысы өтеді

10 Қараша 2021, 21:13
1120
Бөлісу:
12 қарашада ТМД Үкімет Басшылары Кеңесінің отырысы өтеді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 12 қарашада Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы Үкімет басшылары кеңесінің отырысы бейнеконференция байланысы форматында өтеді, деп хабарлайды ТМД Атқарушы комитетінің баспасөз қызметі.

Үкімет басшылары ТМД-дағы экономикалық өзара іс-қимылдың өзекті мәселелері бойынша пікір алмасып, уран өндіруші өндірістердің әсеріне ұшыраған аумақтарды қалпына келтіруге, теміржол көлігін дамытуға қатысты тақырыптарды талқылайды.

Бұдан басқа, ТМД Үкімет Басшылары Кеңесі жанындағы жауынгер-интернационалистер істері жөніндегі комитеттің төрағасы туралы шешім қабылдау, ҮБК-нің келесі отырысының өтетін күні мен орнын айқындау жоспарлануда.

Сондай-ақ отырыста 2022 жылы Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығында халық шығармашылығы мен мәдени мұра жылын өткізу жөніндегі іс-шаралар жоспарының жобасы бекітіледі деп күтілуде.




Өзгелердің жаңалығы