Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Синоптиктер еліміздің 12 өңірінде ауа райына байланысты ескерту жариялады, деп хабарлайды «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметі.
Ақмола облысының солтүстігінде, батысында, шығысында найзағай, бұршақ, бұрқасын болады. Оңтүстік-батыстан соғатын жел батыстан 15-20 м/с, күндіз екпіні 23-28 м/с, облыстың солтүстік-шығысында кей жерлерде 30 м/с және одан да екпінді болуы ықтимал.
Күндіз Ақтөбе облысының батысында және солтүстігінде найзағай ойнайды. Оңтүстік-батыстан соғатын жел облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с.
Ақтөбе қаласында күндіз найзағай ойнайды. Оңтүстік-батыстан жел соғып, күндіз екпіні 15 м/с жетеді.
Алматы облысының таулы, тау бөктеріндегі аудандарында найзағай ойнап, бұршақ жауады. Оңтүстік-батыстан жел соғады, найзағай кезінде 15-20, екпіні 24-29 м/с.
Талдықорған қаласында найзағай ойнап, оңтүстік-батыстан жел соғады, найзағай кезінде жел екпіні 15-20 м/с.
Алматы қаласында күн күркірейді. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күн күркіреген кезде жел екпіні 15 м/с жетеді. Оңтүстік-батыстан, солтүстіктен, оңтүстіктен 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады, екпіні 23 м / с жетеді.
Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, орталығында және оңтүстігінде бұршақ жауып, күн күркірейді. Өскемен қаласында күндіз найзағай ойнайды. Оңтүстік-батыстан соғатын желдің екпіні күндіз 15-20 м/с.
Семей қаласында да найзағай ойнап, оңтүстік-батыстан соғатын желдің екпіні күндіз 15-20 м/с жетеді. Жарма ауданында өте жоғары өрт қаупі сақталады.
Күндіз Жамбыл облысының таулы аймақтарында қатты жаңбыр жауады. Оңтүстікте, таулы аймақтарда найзағай ойнап, бұршақ жаууы мүмкін. Солтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-шығысқа ауысады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аймақтарда жел екпіні - 15-20 м/с.
Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, оңтүстігінде найзағай ойнап, бұршақ жаууы ықтимал. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, күндіз солтүстікте, солтүстік-шығыста екпіні 15-20 м/с жетеді. Орал қаласында күндіз найзағай ойнап, бұршақ жауады.
Түнде Қарағанды облысының солтүстік, шығысында тұман түседі. Оңтүстік-батыстан, батыстан соққан жел түнде облыстың солтүстігіне, батысына ауып, екпіні 15-20 м/с жетеді, күндіз басым бөлігінде 15-20 м/с, екпіні 23-28 м/с, солтүстігінде 30 м/с.
Нұр-Сұлтан қаласында түнде найзағай ойнайды. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с, күндіз екпіні 23 м/с жетеді.
Павлодар облысында түнде батыста қатты жаңбыр, тұман, күндіз солтүстікте найзағай ойнайды. Павлодар қаласында күндіз 19 мамырда батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с жетеді.
Солтүстік Қазақстан облысының басым бөлігінде жаңбыр жауады, күндіз облыстың шығысында қатты жаңбыр жауады. Облыстың солтүстігінде, батысында, шығысында найзағай, дауыл, бұршақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан, батыстан 15-20 м/с жел соғады, күндіз екпіні - 23-28 м/с, кейде 30 м/с асады. Түркістан облысының тауларында найзағай ойнап, дауыл соғады. Шығыстан соққан желдің екпіні - 15-20 м/с.