Ақтөбелік дәрігерлер 117 миллион теңге көлемінде үстемеақы алды

13 Сәуір 2020, 22:41
1248
Бөлісу:
Ақтөбелік дәрігерлер 117 миллион теңге көлемінде үстемеақы алды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Президент Қасым–Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сай медицина қызметкерлеріне үстемеақы тағайындалып жатыр. Ақтөбе облысы бойынша жүктемеге байланысты 882 маман арнаулы үстемеақы алды.

Облыс бойынша 117 миллион теңге көлемінде үстемеақы төленді. Оның ішінде инфекционистер ең көп қаржы алды. Жедел жәрдем қызметінің бригадасына жүктемесіне орай берілді. Өңірдегі жедел жәрдемде 54 бригада жұмыс істеп тұр. Соның 24-і коронавирус инфекциясына қарсы күрес жұмыстарына арнайы бекітілді. Медицина қызметкерлерінің бәрі дайындықтан өткен. Тіпті, арнайы қорғаныс киімін киіп, шешу кезінде ереже сақтауы тиіс. Облыстық штаб шешімімен жергілікті бюджеттен қосымша қаржы қарастырылды. Жедел жәрдемдегі мамандарға 100 мың теңге көлемінде бір реттік қолдау болады, - деді облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Әсет Қалиев жергілікті арнада өткен тікелей эфир кезінде. 

Айта кетейік, қазір коронавирус инфекициясына шалдыққандарды емдеп жүрген дәрігерлер арнайы демалыс орталығына орналастырылды. Олар үйлеріне бармайды, ауысымда тынығады, біліктілігін арттырады. 

Отбасына қауіп төндірмес үшін біз оларды оқшаулап, демалыс орталығына орналастырған едік. Кәсіпкер көмек беріп, бар шығынын өз міндетіне алды. Қазір І және ІІ топқа кіретін 65 медицина қызметкері жұмыстан кейін тынығады. Қатынас үшін арнайы автокөлік бөлінді, - деді Әсет Қалиев.
Өзгелердің жаңалығы