116 студент оқудан шығып қала жаздады – прокуратура

Кеше, 21:25
369
Бөлісу:
116 студент оқудан шығып қала жаздады – прокуратура
Фото: BAQ.KZ архив

Ақмола облысының прокуратурасы 116 студенттің негізсіз оқудан шығарылуына тосқауыл қойды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Жергілікті атқарушы органның медициналық университеттер алдында 116 студенттің оқу ақысына байланысты 72,7 млн теңге көлемінде кредиторлық берешегі қалыптасқаны анықталды. Бұл студенттер грант негізінде білім алуда. 

Аталған берешек 2024 жылдан бастап жиналып, студенттердің негізсіз оқудан шығарылуына әкелуі мүмкін еді. Қадағалау актісі бойынша берешек толық өтелді, кінәлі тұлғалар жауапкершілікке тартылды, нәтижесінде 116 студенттің құқықтары қорғалды, - деп хабарлады Ақмола облысының прокуратурасы.

Өзгелердің жаңалығы