11 өңірде қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жасалды

28 Наурыз 2025, 02:26
839
Бөлісу:
11 өңірде қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жасалды
Фото: архив

"Қазгидромет" синоптиктері еліміздің 11 өңірінде қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жасады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Жетісу облысында солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында күші 15-20, кей уақыттарда екпіні 23-28 м/с-ке жетеді.

Алматы облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман түседі. Шығыстан жел соғады, облыстың батысында, шығысында екпіні 15-20, күндіз кей уақытта 25 м/с-ке жетеді.

Алматыда күндіз шығыстан жел соғады, екпіні секундына 15 метрге жетеді.

Атырау облысының батысында тұман түседі.

Қарағанды облысында солтүстік-шығыстан, шығыстан жел соғады, облыстың оңтүстік-шығысында екпіні 15-18 м/с болады.

Абай облысының оңтүстігінде шаңды дауыл. Жел солтүстік-шығыстан, шығыстан соғады, облыстың оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с-ке жетеді.

Түркістан облысының таулы аудандарында тұман түседі.

Жамбыл облысының таулы аудандарында кей уақыттарда жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Түнде облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында, күндіз облыстың таулы аудандарында көктайғақ күтіледі. Облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батыс желіне ауысады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында екпіні 15-20 м/с-ке жетеді.

Солтүстік Қазақстан облысында түнде және таңертең батысында, шығысында тұман.

Маңғыстау облысының батысында, оңтүстігінде тұман.

Батыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, шығысында тұман түседі.

Өзгелердің жаңалығы