Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазгидромет 24 наурызда ауа райына байланысты бірнеше өңірде ескерту жариялады.
Маңғыстау облысының солтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-шығысқа ауысады, күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде жел 15-20 м/с жетеді.
Қостанай облысының солтүстігінде жаяу-бұрқасын күтіледі. Облыстың батысында және оңтүстігінде тұман күтіледі. Батыстан, оңтүстік-батыстын жел соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с.
Ақтөбе облысының орталығында, солтүстігінде тұман күтіледі. Батыстан жел соғады, түнде облыстың орталығында, күндіз солтүстік-шығысында соққан желдің жылдамдығы 18 м/с жетеді.
Атырау облысының батысында, шығысында және орталығында тұман болады.
Павлодар облысының солтүстігінде, шығысында жаяу бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күші түнде облыстың солтүстігінде 15-20, күндіз облыстың басым бөлігінде 15-20, екпіні 25 м/с.
Батыс Қазақстан облысының оңтүстік-батысында, солтүстігінде тұман түседі.
24-25 наурыз аралығында Түркістан облысының тау етегіндегі аудандарында баурайлық ағынның қалыптасуы және өзендерде су деңгейлерінің көтерілуі мүмкін.
Қарағанды облысының солтүстігінде, шығысында бұрқасын, күндіз көктайғақ күтіледі. Батыстан, оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында 15-20, күндіз екпіні 23 м/с жетеді.
Ақмола облысының солтүстігінде, шығысында жаяу бұрқасын, көктайғақ болдады. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың басым бөлігінде 15-20, солтүстігі мен шығысында екпіні 23-28 м/с.
Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында жаяу бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Батыстан, солтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20, екпіні 23-28 м/с.
Нұр-Cұлтан қаласында 24 наурызда түнде жаяу бұрқасын, күндіз көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с жетеді.