11 өңірде ауа райына байланысты ескерту жарияланды

10 Наурыз 2023, 08:00
976
Бөлісу:
11 өңірде ауа райына байланысты ескерту жарияланды
Фото: kazaknews.kz

Қазгидромет 10 наурызда бірқатар өңірде ауа райыны байланысты ескерту жариялады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Ақмола облысының солтүстігінде, батысында, шығысында тұман күтіледі. Жолдарда көктайғақ күтіледі. Оңтүстіктен жел соғады, түнде облыстың солтүстігінде, батысында жел екпіні 15-20 м/с жетеді.

Ақтөбе облысының солтүстік жартысында жолдарда көктайғақ болады.

Алматы облысының батысында, оңтүстігінде тұман күтіледі. Шығыстан, оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың орталығында екпіні 17-22 м/с. Алматы қ.: 10 наурызда түнде және таңертең тұман түседі.

Түркістан облысының таулы аудандарында тұман күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, тау асуларында күші 15-20 м/с.

Батыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде көктайғақ күтіледі. Жел оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан соғады, күндіз облыстың солтүстік-батысында екпіні 15-20 м/с.

Солтүстік Қазақстан облысының солтүстік-шығысында жаяу бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, түнде облыстың басым бөлігінде, күндіз облыстың солтүстігінде, батысында, шығысында екпіні 15-20 м/с.

Маңғыстау облысының батысында тұман болжанады.

Қостанай облысының солтүстігінде жаяу бұрқасын болады. Облыстың оңтүстігінде тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күші облыстың солтүстігінде, шығысында 15-20 м/с жетеді.

Жетісу облысының орталығында, таулы аудандарында тұман күтіледі. Шығыстан жел соғады, Алакөл көлдері ауданында екпіні 15-20 м/с, кей уақыттарда 23-28 м/с.

Қарағанды облысының солтүстігінде, шығысында тұман болады.

Ұлытау облысының солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі.

Өзгелердің жаңалығы