Коронавирус: ШҚО-да 11 қазақстандық пен 4 қытайлық тексеріліп жатыр

24 Ақпан 2020, 12:25
2717
Бөлісу:
Коронавирус: ШҚО-да 11 қазақстандық пен 4 қытайлық тексеріліп жатыр

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Коронавирусқа қарсы іс-әрекет ету мақсатында Шығыс Қазақстан облысының тұрғындары үшін арнайы оқшауланған медициналық стационарлар қарастырылған. Бұл туралы ШҚО әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады. 

ҚХР-дан облыс аумағына қайтып келетін әрбір Қазақстан азаматын шекарада медицина қызметкерлері тексереді. Егер жөтел, тұмау, дене қызуы және коронавирустың өзге белгілері болмаса, Қазақстан азаматы арнайы медициналық стационарға 14 күн мерзімге бақылауға орналастырылады. Осы кезең өткеннен кейін аурудың қандай да бір белгілері болмаған жағдайда ол азамат стационардан шығарылады, - делінген хабарламада.
Коронавирустық инфекция симптомдары анықталған жағдайда науқас бірден инфекциялық ауруханаға жатқызылады.
Облыстың медициналық ұйымдары қажетті дәрі-дәрмектермен, маскалармен, қолғаптармен, сондай-ақ қорғау костюмдерімен қамтамасыз етілген. Қазіргі таңда арнайы медициналық стационарда 15 адам бақылауда жатыр (11 Қазақстан азаматы және 4 ҚХР азаматы). Бүгінде бақылауға алынған азаматтардың бірде-біреуінде коронавирус белгілері анықталған жоқ, - делінген ведомство таратқан хабарамада. 

Қытай азаматтары Қазақстанға үшінші елдерден келген, олар транзиттік жолаушылар болып табылады және медициналық тексеру аяқталғаннан кейін (14 күн) елден кетеді.



Өзгелердің жаңалығы