11 айда Қазақстан экономикасы 4,9 пайызға өсті

12 Желтоқсан 2023, 15:32
565
Бөлісу:
11 айда Қазақстан экономикасы 4,9 пайызға өсті
Фото: Үкімет баспасөз қызметі

Қаңтар-қараша айларының қорытындысы бойынша Қазақстан экономикасының өсу қарқыны - 4,9%. Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров осылай деді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Қаңтар-қараша айларының қорытындысы бойынша Қазақстан экономикасының өсу қарқыны - 4,9%. Оның ішінде нақты сектор – 3,5%-ке, ал қызмет көрсету саласы – 5,6%-ке өсті.

Салалар арасында ең жоғары өсуді құрылыс, сауда, ақпарат және байланыс, сондай-ақ көлік және қоймалау көрсетті, – дейді министр.

Оның атап өтуінше, негізгі капиталға салынған инвестициялардың өсу қарқыны -14,6%.Инвестициялар ағыны ақпарат және байланыста – 2,8 есеге, көлік және қоймалауда – 58%-ке, саудада – 34%-ке, білім беруде – 17%-ке, ауыл шаруашылығында – 11%-ке, сондай-ақ өнеркәсіпте – 8,5%-ке, оның ішінде өңдеу өнеркәсібінде – 4,6%-ке өсті.

Өңірлер арасында ең жоғарғы өсу Маңғыстау, Түркістан, Абай және Павлодар облыстарында байқалды. Алдын ала қорытынды бойынша 2023 жылғы қаңтар-қазанда сыртқы сауда тауар айналымы 2,6%-ке өсіп, 114 млрд доллардан асты, – дейді Қуантыров.

Өзгелердің жаңалығы