Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы «Атамекен» ҚР ҰКП Агроөнеркәсіптік кешен және тамақ өнеркәсібі департаментінің директоры Ербол Есенеев баспасөз конференциясында айтты.
Ербол Есенеев елдегі қант тапшылығына қандай көзқараста екенін айтты.
Ең бастысы қант қызылшасын өндіру көлемін арттыру қажет. Біздің өз есебіміз бар. Жер және су мәселесі шешілсе, Алматы, Жамбыл облыстарында 104 мың гектар жерге қант қызылшасының өндірісін арттырсақ, ішкі нарықты 80 пайызға толы отандық қантпен қамтамасыз етуге болады. Осыған тиянақты бағдарлама керек, - деді Есенеев.
Ал Агроөндірістік кешен комитетінің төрағасы Жигули Дайрабаев соңғы жылдары қант қызылшасын өсіру және оны көбейту туралы әр министрлікке 5-6 бағдарлама ұсынылғанын айтты.
Жоспарлағанға әр министр жауап беруі керек. Өткен мәселенің барлығын жоққа шығаруға болмайды. Кеңес үкіметі кезінде егілді ғой. Соны қалпына келтіру керек. Жерді алып, тұқымды қалыпқа келтіру керек. Бұл-үлкен саясат. Жұмыс орындары ашылатын еді. Осыған біз бағыт беріп, қалпына қайта келтіру керек. Қант мәселесін шешуге болады, - деді Жигули Дайрабаев.