«101 жыл – 10.1. шақырым»: Астанада Т.Бигелдиновтің құрметіне марафон өтеді

15 Тамыз 2023, 04:25
907
Бөлісу:
«101 жыл – 10.1. шақырым»: Астанада Т.Бигелдиновтің құрметіне марафон өтеді
Фото: gov.kz

Биыл екі мәрте Кеңес Одағының Батыры, шабуылдаушы-ұшқыш Талғат Бигелдиновтің туғанына 101 жыл толады. Осы датаға орай ҚР Қорғаныс министрлігінің және Астана қаласы әкімдігінің қолдауымен «Atamnyn Amanaty» қоғамдық ұйымы даңқты батырдың құрметіне 19 тамыз күні Астана қаласының Триатлон паркінде «101 жыл – 10.1. шақырым» атты марафон өткізеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Елорда әкімдігінің хабарлауынша, оған кәсіби марафоншылармен бірге әуесқой спортшылар да қатыса алады. Себебі ең ұзақ қашықтықтан бөлек әуесқойларға арналған 4 шақырымдық қысқа қашықтық пен қатысушылардың жас шамалары да ескерілген.

Жарыс басталмай тұрып ҚР Қарулы Күштерінің түрлері мен тектерінің жауынгерлері өз туларын асқақтата, Триатлон паркі арқылы бір айналымды жүгіріп өтеді. Бұл күн қазақстандық әскери ұшқыштар үшін қос мереке болып саналады. ҚР Әскери-әуе күштерінің 25 жылдығы батырдың туған күнімен тұспа-тұс келіп отыр. Бұл даңқты қазақ батырына ғана емес, Екінші дүниежүзілік соғыста қаза тапқан және хабарсыз кеткен әрбір боздаққа көрсетілген құрмет, - депжазды әкімдік.

Марафон барысында қалалық шығармашылық ұжымдармен қатар ҚР Қорғаныс министрлігінің, ІІМ Ұлтық ұланның әскери ансамбльдері өнер көрсетіп, құрметті қарауыл ротасының жеке құрамы өздерінің кәсіби шеберліктерін паш етпек. Жеңімпаздар батыр атындағы медальдармен және бағалы сыйлықтармен марапатталады.

Өзгелердің жаңалығы