"1000 мектепке әдістемелік көмек" республикалық жобасы мәресіне жетті

27 Мамыр 2024, 19:08
507
Бөлісу:
"1000 мектепке әдістемелік көмек" республикалық жобасы мәресіне жетті
Фото: Оқу ағарту министрлігі

Білім саласында сапаны қамтамасыз ету комитеті өңірлердің әдістемелік орталықтарымен бірлесіп, 2023-2024 оқу жылында білім сапасын жетілдіру мақсатында «1000 мектепке әдістемелік көмек» атты жобаны іске асырды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Оқу ағарту министрлігінің мәлімдеуінше, жоба тұрақты түрде әр апта сайын онлайн форматта өткізілді.

Озық әдіскерлер білім сапасын арттыруға бағытталған үздік жобалары мен кейстерімен бөлісті, мектепішілік бақылау жұмыстарын тиімді, әрі сапалы іске асыратын тәжірибелер ұсынылды. Жалпы осы тақырыптарды қамтитын 50-ге жуық онлайн-семинарлар өткізілді.

Сонымен қатар, Республикалық физика-математика мектептерінің үздік педагог-шеберлері физика, математика, информатика пәндері бойынша үлгілі сабақтар көрсетіп, қиындатылған есептердің шығару жолдарын, олимпиадалық тапсырмаларды орындау методикалары мен тәсілдерін үйретті.

Жобаның қорытындысы бойынша әр мектеп өзінің 5 жылдық даму жоспарына сапаны арттыруға бағытталған тиісті өзгерістер енгізіп, жұмысты жалғастыратын болады.

Өңірлер өз кезегінде осы жобаға қатысқан мектептермен қорытындылау шарасын ұйымдастырып, Комитет тарапынан мектептерге семинар-курстарға қатысқаны үшін тиісті сертификаттар тапсырды.

Өзгелердің жаңалығы