Жыл басынан бері Тунис жағалауынан 901 заңсыз мигранттың мәйіті табылды, деп хабарлайды BAQ.KZ Анадолы сайтына сілтеме жасап.
Қаза болғандардың 36-сы Тунис азаматы, қалғанының жеке басын анықтау мүмкін болмаған.
Тунис Ішкі істер министрлігінің басшысы Кемал әл-Фикидің мәлімдеуінше, 7 айда жалпы саны 15 327 заңсыз мигрант құтқарылған.
Ол теңіз арқылы жүзіп өтпек болған заңсыз мигранттардың санын азайту үшін қауіпсіздік шараларын күшейту назарда болатынын айтты.
Аударған: Назерке Өтеген