Астана, BAQ.KZ. Қазақ кино өнерінің классигі Шәкен Аймановтың «Тақиялы періште» фильмі сахнаға сапар тартады.
Аталмыш киноконцерт қазақ киносының ақ желкені, Қазақ КСР-нің Халық артисі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Әмина Өмірзақованың 100 жылдығына арналады.
«Алматының гүлзар бағын, қызығы мол сағым күндерді сағынсаңыз тілге тиек болған кештен құр қалмаңыз. Әмина апамызды бірге еске алайық! Ескірмеген естеліктерді әуелетіп, бірге тамсанайық! Бірге ән салайық!» - дейді ұйымдастырушылар.
«Тақиялы періште» киноконцертіне «Шалқыма» халық би ансамблі, «Эстрада» би ансамблі, Халық ән бөлімі, Классикалық және эстрадалық вокал, сондай-ақ, «Музыкалық-шығармашылық» бөлімдерінің өнерпаздары қатысады.