Атыраулық дәрігерлер 100 теңге жұтып қойған баланы аман алып қалды

20 Қараша 2019, 17:18
4321
Бөлісу:
Атыраулық дәрігерлер 100 теңге жұтып қойған баланы аман алып қалды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Атыраулық дәрігерлер бүлдіршінді ажалдан аман алып қалды. Бұл туралы Атырау облысының өңірлік коммуникациялар қызметі.

18 қарашада сағат түнгі екі шамасында Атырау облыстық балалар ауруханасының қабылдау бөліміне 4 жасар бала түскен. Алғашқы белгілерден оның жағдайы ауыр екені анықталды. Баланың тамақ, өңеш жолдары бітеліп, тамақ жүруі тоқтаған. Оның өңешіне 100 теңгелік монета тұрып қалғаны анықталды. Аурухананың кезекшіліктегі дәрігерлері эндоскопист  Ербол Төлегеновті жұмысқа шақыртқан. Жұмыс орнына келген маман жедел түрде эндоскопиялық құрылғы көмегімен әлгі монетаны шығарып алған.

Түнгі екілер шамасында жұмыстан телефон шалынды. Жағдайды түсінген бойда, дереу ауруханаға келдім. Жүз теңгелік монетаның диаметрі кішкентай бала тұрмақ, үлкен адамның өңешін бітеп тастай алады. Бірақ, ата-анасының дер кезінде хабарласуы себепті, біздің мамандардың дер кезінде тиісті шараларды жүзеге асыруы арқасында, қажетті медициналық процедура жүзеге асырылып, баланы аман алып қалдық. Қазір, баланың жағдайы жақсы, - деді  дәрігер Ербол Төлегенов.

WhatsApp Image 2019-11-20 at 15.51.01 (2).jpeg

Баламның тиынды қай кезде жұтып қойғанын білмеймін, бір білетінім, бет әлпеті өзгеріп, жағдайы нашарлай бастағанда жедел жәрдем шақырдым. Одан кейін, жедел жәрдем ауруханаға апарды. Әйтеуір, аман алып қалды баламды. Сол себепті , дереу келген жедел жәрдем қызметкерлеріне де, тиісті ем-домын жасаған балалар ауруханасы дәрігерлеріне де  алғысым шексіз, - дейді бүлдіршіннің анасы.

Өзгелердің жаңалығы