100 миллион теңгенің есірткісін сатпақ болған жігіт ұсталды

Кеше, 20:33
187
Бөлісу:
100 миллион теңгенің есірткісін сатпақ болған жігіт ұсталды
Фото: Polisia.kz

Астанада есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл бөлімшесінің қызметкерлері мемлекеттік күзет қызметімен бірлесіп, 24 жастағы ер адамды ұстады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Тінту барысында оның пәтерінен ірі көлемдегі есірткі мен оларды сатуға арналған құрал-жабдықтар табылды. Жедел іс-шаралар нәтижесінде 600 грамнан астам кокаин, 130 грамнан астам каннабис шайыры, 30 грамнан астам каннабис майы тәркіленді, – делінген полиция хабарламасында.

Тәркіленген есірткілердің қара нарықта жалпы құны 100 миллион теңгеден асады.

Өзгелердің жаңалығы