100 келі қара уылдырықты жүзім арасына жасырып өткізгісі келгендер ұсталды

100 келі қара уылдырықты жүзім арасына жасырып өткізгісі келгендер ұсталды
933

БҚО-да «Сырым» автокөліктік өткізу пунктінде екі жүк көлігінен 100 келі қара уылдырық табылды, деп хабарлайды BAQ.KZ ҚҰК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

2022 жылғы 6 тамызда Батыс Қазақстан облысы «Сырым» автокөліктік өткізу пунктінде Қазақстан Республикасынан Ресей Федерациясына бағыт алған екі жүк көлігіне шекаралық бақылау жүргізу кезінде тексеру іс-шараларынан жүзім арасына жасырылған 8 термо қорапша анықталды. Тексеру барысында жедел-тергеу тобы 100 келі «қара уылдырық» салынған шыны ыдыстарды тапты,- деп жазылған хабарламада.

Анықталған жүк құзыреті бойынша ҚР ІІМ полиция бөлімшелеріне берілген.

Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: ашық дереккөз
Өзгелердің жаңалығы