Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Нұр-Сұлтан қаласы полиция департаментінің қызметкерлері отбасылық-тұрмыстық қарым-қатынаста мас күйінде ауыр және аса ауыр қылмыстарды жасауға жол бермеу және криминогендік жағдайды сауықтыру мақсатында 20 қаңтар мен 20 ақпан аралығында "Тұрмыс" алдын алу іс-шарасын өткізуде, деп хабарлады Елорда Инфо.
Жергілікті полиция қызметі басқармасының қызметкерлері тұрмыста құқықбұзушылық жасауға бейім барлық адамдарды, сондай-ақ қолайсыз отбасыларды тұрғылықты жері бойынша тексеруде.Осылайша, тәртіп сақшылары ЖАІШ-ның 1 күндік қорытындысы бойынша 170-ке жуық алдын алу іс-шараларын өткізіп, 80-ге жуық қорғау нұсқамасын шығарды. Құқық бұзушының мінез-құлқына 7 ерекше талаптарды орнатып, 100-ден астам құқық бұзушыны әкімшілік жауапкершілікке тартты, - делінген ақпаратта.