Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев Үкімет отырысында 2030 жылға дейінгі балық шаруашылығының даму бағдарламасы туралы айтты.
Еліміздің балық өнімдері нарығының 2019 жылғы жалпы көлемінің құрылымы мынандай болды: балық аулау – қырық бес (45) мың тонна, балық өсіру – жеті де төрт (7,4) мың, экспорт – отыз (30) мың, ал импорт – қырық бес (45) мың тонна болды. Балық өсіру балық саласын дамытудағы қарқынды өсіміне айналуы тиіс. Осыған орай министрлік ғалымдар мен сарапшыларымен бірлесіп, балық саласының дамыту потенциалына талдау жүргізген болатын. Соның нәтижесінде республиканың су айдындарында жылына 600 мың тоннаға дейін балық өсіруге болатындығы анықталды, - дейді Мағзұм Мырзағалиев.Ол мұны кезең-кезеңмен іске асыруды жоспарлап отырғандарын айтты.
Болжам бойынша әлеуеттің 45 пайызына 2030 жылы, ал қалған 55 пайызына 2040 жылға дейін қол жеткізілетін болады. Үкімет басшысының тапсырмасына сәйкес, министрлік әкімдерімен бірлесіп балық шаруашылығын дамытудың өңірлік бағдарламаларын әзірледі.
Олардың негізінде балық шаруашылығын дамытудың 2030 жылға дейінгі салалық бағдарламасы жасалды. Бағдарламаға сәйкес 2030 жылға қарай жылына шамамен 270 мың тонна балық өсіру жоспарланып отыр, - дейді министр.
Оқи отырыңыз: