10 жылдағы рекорд: Биыл 21 млн тонна астық жиналды

12 Желтоқсан 2022, 11:44
824
Бөлісу:
10 жылдағы рекорд: Биыл 21 млн тонна астық жиналды

Бұл туралы Премьер-министр Әлихан Смайылов бүгін елордада өтіп жатқан Үкіметтің кеңейтілген отырысында мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Ауыл шаруашылығында биыл 21 млн тонна астық жиналды. Бұл соңғы 10 жылдағы ең жоғары көрсеткіштерінің бірі. Көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарына жеңілдікпен несие беру көлемі 2 есеге, яғни 220 млрд. теңгеге дейін ұлғайтылды. 420 мың тонна жеңілдікті жанар-жағар май бөлінді. Ауыл шаруашылығы техникасына жеңілдікпен несие беру көлемі 145 млрд теңгеге дейін ұлғайтылды. 5,2 млн гектар ауыл шаруашылығы жерлері мемлекеттік меншікке қайтарылды, - деп атап өтті Үкімет басшысы. 

Айтуынша, келесі жылы қосымша 5 млн гектарды қайтару жоспарланып отыр. 

Қазіргі уақытта агроөнеркәсіптік кешенді субсидиялау жүйесін реформалаудың нұсқасы әзірленді. Барлық өзгерістер фермерлер қауымдастығымен талқыланды. Субсидиялаудың мемлекеттік ашық ақпараттық жүйесі енгізілді. Шағын несиелеу есебінен ауыл халқының табысын арттыру жөніндегі жобаны іске асыру басталды. Оған келесі жылға әзірше 70 млрд. теңге бөлінді. 5 жылдың ішінде осы жобаға 1 трлн теңге бағыттау жоспарланып отыр. Нәтижесінде, 1 млн-нан астам ауыл тұрғындары қамтылады. Кооперативтік кәсіпкерлікке барлық жеке үй шаруашылықтың жартысы тартылады. 350 мыңнан астам жаңа жұмыс орны құрылады, - деді Әлихан Смайылов. 

Өзгелердің жаңалығы