10 сәуірде қай өңірлерде ауа райына байланысты ескерту жасалды

Ертең бірнеше өңірде тұман, жел болады.

 unsplash.com Бүгiн 2026, 21:11
Бүгiн 2026, 21:11
137
Фото: unsplash.com

"Қазгидромет" РМК синоптиктері ертең, 10 сәуірде елдің бірнеше өңірінде қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жасады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Қызылорда облысының солтүстігінде, шығысында, орталығында тұман күтіледі. Қызылордада түнде және таңертең тұман күтіледі.

Қарағанды облысының батысында, солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, күндіз облыстың шығысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с. Облыстың батысында, оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады.

Жетісу облысының оңтүстігінде, шығысында, орталығында, таулы аудандарында жаңбыр, найзағай күтіледі, күндіз облыстың шығысында, таулы аудандарында кей уақыттарда қатты жаңбыр, дауыл. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың шығысында, таулы аудандарында екпіні 15-20 м/с. 10 сәуірде облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады.

Батыс Қазақстан облысының шығыс жартысында қатты жаңбыр күтіледі. Түнде және таңертең облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Жел оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан соғады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында екпіні 15-20 м/с. Оралда түнде және таңертең тұман күтіледі.

Алматы облысының батысында, оңтүстігінде жаңбыр, найзағай, таулы аудандарында кей уақытта қатты жауын-шашын (жаңбыр, жылбысқы қар) күтіледі. Күндіз облыстың оңтүстігінде, таулы аудандарында өткінші жаңбыр, найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, облыстың солтүстігінде, шығысында, таулы аудандарында екпіні 15-20 м/с. Алматы облысының солтүстігінде, батысында, оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады. Алматыда түнде жаңбыр, найзағай күтіледі. 10 сәуірде жоғары өрт қаупі сақталады. Қонаевта түнде жаңбыр, найзағай күтіледі. 10 сәуірде жоғары өрт қаупі сақталады. Іле Алатауы (Алматы қаласының Медеу және Бостандық аудандарының таулы аймақтары) бойынша: 10 сәуірде түнде кей уақытта қатты жауын-шашын (жаңбыр, жылбысқы қар), күндіз өткінші жаңбыр, найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, кей уақытта екпіні 15-20 м/с.

Атырау облысында жаңбыр, найзағай, күндіз облыстың шығысында, оңтүстігінде аздаған жаңбыр, найзағай күтіледі. Атырауда түнде жаңбыр, найзағай, күннің соңында аздаған жаңбыр, найзағай күтіледі.

Абай облысында жаңбыр, найзағай, облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында бұршақ, дауыл күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, түнде облыстың оңтүстік-батысында, орталығында 15-20 м/с, күндіз 15-20, облыстың солтүстігінде, шығысында, орталығында екпіні 23-28 м/с. Облыстың оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады. Семейде жаңбыр, күндіз найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, күндіз екпіні 15-20 м/с.

Ақтөбе облысының батысында, солтүстігінде тұман күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, облыстың батысында, солтүстігінде екпіні 15-20 м/с күтіледі. Ақтөбеде оңтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, екпіні 15-20 м/с күтіледі.

Шығыс Қазақстан облысында жаңбыр, найзағай, облыстың солтүстігінде, шығысында қатты жаңбыр, бұршақ, дауыл күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында 15-20, күндіз екпіні 25 м/с. Өскеменде күндіз жаңбыр, найзағай күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, күндіз екпіні 15-20 м/с.

Қостанай облысының батысында, солтүстігінде жаңбыр, найзағай күтіледі. Облыстың оңтүстігінде, шығысында тұман. Солтүстік-шығыстан, шығыстан жел соғады, облыстың батысында екпіні 15-20 м/с.

Ақмола облысының солтүстігінде жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ күтіледі. Облыстың батысында, орталығында, шығысында тұман күтіледі.

Павлодар облысында шығыстан жел солтүстікке ауысады күндіз облыстың оңтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с күтіледі. Павлодарда шығыстан жел солтүстікке ауысады күндіз екпіні 15-20 м/с күтіледі.

Солтүстік Қазақстан облысының шығысында, оңтүстігінде жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ, облыстың солтүстігінде аздаған жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ күтіледі. Облыстың оңтүстігінде, батысында тұман күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с. Петропавлда түнде аздаған жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с.

Маңғыстау облысының солтүстік-батысында, шығысында жаңбыр, найзағай күтіледі. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде, орталығында тұман күтіледі.

Түркістан облысының батысында, оңтүстігінде, таулы аудандарында өткінші жаңбыр, найзағай күтіледі. Түнде және таңертең облыстың таулы аудандарында тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың батысында, оңтүстігінде, таулы аудандарында 15-20 м/с. Облыстың батысында, солтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады. Шымкентте оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с. Түркістанда күндіз өткінші жаңбыр, найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с.

Жамбыл облысының таулы аудандарында жаңбыр, найзағай күтіледі. Облыстың оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батыс желіне ауысады, күндіз облыстың таулы аудандарында 15-20 м/с күтіледі. Облыстың батысында жоғары өрт қаупі сақталады. Таразда түнде және таңертең тұман күтіледі.

Наверх