Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. "Қазгидромет" РМК синоптиктерінің болжамына қарағанда бүгін еліміздің кей жерінде жел күшейеді.
Атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты республиканың оңтүстігінде және оңтүстік-шығысында жаңбыр, кей жерінде қатты жаңбыр жауады.
Республиканың қалған аумағында жауын-шашын болмайды. Кей жерінде тұман сақталады, оңтүстіктің кей жерінде жел күшейеді, найзағай болып, бұршақ жаууы мүмкін.
Жамбыл, түнде және таңертең Түркістан облыстарының кей жерінде жел күшейіп 15-20 м/с дейін жетеді, бұршақ жаууы мүмкін.
Қарағанды, Алматы, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерінде жел жылдамдығы 15-20 м/с күшейеді, Шығыс Қазақстан, Маңғыстау, Батыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан облыстарының кей жерінде тұман түседі.