Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. «Қазгидромет» РМК 3 наурыз күні ауа райының бұзылуына байланысты бірнеше өңірде ескерту жариялады.
Нұр-Сұлтан қаласын түнде және таңертең тұман басады.
Маңғыстау облысының батысында, солтүстік-шығысында шаңды дауыл күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстік-шығысында екпіні 15-20 м/с артады.
Атырау облысының солтүстігінде, батысында және орталығында тұман болады. Күндіз батысы мен орталығында оңтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с құрайды.
Қызылорда облысының солтүстігінде, орталығында тұман болжанады.
Ақтөбе облысының солтүстігінде тұман күтіледі.
Қостанай облысының оңтүстігінде, солтүстігінде тұман болады.
3-4 наурыз аралығында қатты жауын-шашыннын болжануына байланысты Алматы облысының таулы аудандарында ағынды су жүруі және өзендерде су деңгейінің көтерілуі болжанады.
Ақмола облысының оңтүстігінде, шығысында тұман күтіледі.
Батыс Қазақстан облысының солтүстік-батысында көктайғақ, солтүстігінде тұман болжанады.
Қарағанды облысының солтүстігінде, оңтүстігі мен орталығында тұман күтіледі.