Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Биылғы жылдың соңына дейін Қазақстанда 24 жатақхана пайдалануға берілмек, тағы 20 студенттік үй пайдалануға берілді. Осылайша, 44 нысан 10 069 студентті қабылдай алады. Бұл туралы ҚР БҒМ баспасөз қызметі хабарлады.
Жыл соңына дейін 10 069 студентті қабылдай алатын 44 жатақхананы пайдалануға беру жоспарлануда. 2021 жылдың 28 қазанындағы жағдай бойынша 4 026 орындық 20 жатақхана пайдалануға берілді. 6 898 адамға есептелген 24 жатақхана бойынша жұмыстар жүргізілуде.
2018-2020 жылдар аралығында ҚР 20 266 орындық 75 нысан пайдалануға берілді, яғни жоспар 101 пайызға орындалды.
Бүгінгі таңда жатақханаларды іске қосу бойынша көшбасшы – Нұр-Сұлтан қаласы – жалпы сыйымдылығы 4 мыңнан асатын 6 студенттік үй пайдалануға берілді.
Рейтингтің екінші қатарында ШҚО тұр, өңірде 2926 орындық 10 жатақхана іске қосылды.
Алматы көшбасшылар үштігіне еніп отыр. Мұнда салынған 11 студенттік үй 2700 орынға есептелген.