10 мың тонна орамжапырақты экспорттауға өтінім түсті – АШМ

13 Сәуір 2020, 12:44
1640
Бөлісу:
10 мың тонна орамжапырақты экспорттауға өтінім түсті –  АШМ

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Фитосанитариялық сертификаттарды беру штаттық режимде жүргізілуде, деп хабарлады ҚР АШМ баспасөз қызметі.

ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитеті орамжапырақты ЕАЭО елдеріне экспорттау бойынша кедергісіз жұмыс атқарылып жатқанын хабарлады.

2020 жылғы 10 сәуірдегі жағдай бойынша Шымкент қаласынан жалпы көлемі 2300 тоннаға 116 сертификат, Түркістан облысы бойынша - 220 тонна орамжапырақты экспортауға 13 фитосанитарлық сертификат берілді.

Жалпы, 10 мың тонна орамжапыраққа фитосанитарлық сертификат алуға өтінім келіп түсті. Сертификаттарды беру ҚР заңнамасының талаптары мен регламенттеріне сәйкес жүргізілуде, - делінген ақпаратта.

Орамжапырақты фитосанитарлық жағдайын анықтау және тексерудің барлық қажетті процедураларының жүргізілуіне қарай барлық кәсіпкерлік субъектілері фитосанитарлық сертификаттар алады.

Төтенше жағдайдың енгізілуіне байланысты ҚР АШМ өсімдіктер карантині жөніндегі мемлекеттік инспекторлар күшейтілген жұмыс режиміне көшірілді.



Өзгелердің жаңалығы