Биыл Ақтөбеде 10 мыңға жуық адамды баспанамен қамту жоспарланған

24 Маусым 2020, 00:24
1360
Бөлісу:
Биыл Ақтөбеде 10 мыңға жуық адамды баспанамен қамту жоспарланған

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 2020 жылы Ақтөбе облысында 1 млн 25 мың шаршы метр немесе 9 700 тұрғын үй салу міндеті тұр. Бұл мақсатқа қаржыландырудың барлық көздері есебінен ағымдағы жылдың 5 айына 23 млрд теңге инвестиция бағытталған.

Бүгінде облыс бойынша 1 547 баспана пайдалануға берілді, оның ішінде – 931 жеке үй.

"Нұрлы жер" мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде 2020 жылы инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым және тұрғын үй құрылысына 21,1 млрд теңге бөлініп, 49 жоба іске асырылады.  Осылайша, 2 439 жұмыс орнын құру көзделген.

Ақтөбе облысында биыл 65 мың шаршы метр жалға берілетін тұрғын үй және кредиттік тұрғын үй пайдалануға беру жоспарда бар. Бұл – 1 142 пәтер. Аталмыш екі бағыттағы жұмысты іске асыру үшін 1800-ге жуық жұмыс орны ашылмақ.

Бұдан басқа, "Нұрлы жер" мемлекеттік бағдарламасы аясында 2%-дық несие берілетін "Бақытты отбасы" бағдарламасын жүзеге асыруға ағымдағы жылы республикалық бюджеттен облыс әкімдігіне 302 тұрғын үй қарызына 3 млрд теңге қарастырылған.

Сонымен қатар, тұрғын үй құрылысы аудандарына инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым жүргізуге арналған 24 жобаны іске асыру үшін 7,9 млрд теңге қарастырылған. Бұл ретте 661 адамды жұмыспен қамту көзделіп отыр.

Өзгелердің жаңалығы