10 айдың ішінде 33 мың келі есірткі тәркіленді – ІІМ

7 Қараша 2023, 15:27
625
Бөлісу:
10 айдың ішінде 33 мың келі есірткі тәркіленді – ІІМ
Фото: Арман Мухатов - архив

Бұл туралы ОКҚ алаңында өткен брифингте ІІМ Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл департаменті бастығының орынбасары Бақытжан Әмірханов айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Ол есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл бойынша соңғы 10 айда атқарылған жұмыстар жөнінде айтып берді.

2 405 қылмыс, оның ішінде 1 287 өткізу фактісі және аса ірі көлемде есірткі сақтаудың 415 фактісі анықталды. 32,6 тоннадан астам әртүрлі есірткі, оның ішінде 62 келі героин, 5 тонна кептірілген марихуана, 503 келі гашиш және 255 келі синтетикалық есірткі тәркіленді, - деді Бақытжан Әмірханов.

Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл департаменті бастығының орынбасарының мәліметінше, ұйымдасқан 6 топтың қылмыстық әрекеті жойылды, 6 жетекшісі мен 54 мүшесі жауапкершілікке тартылып жатыр.

Оларға қатысты ұйымдасқан қылмыстық топ ұйымдастырғаны және қатысқаны үшін 12 қылмыстық іс қозғалды. Оның ішінде екеуі трансұлттық ұйымдасқан қылмыстық топ құрғаны үшін. Жалпы көлемі 114 млн теңге қылмыстық табыстан алынған ақшалай қаражаттарды заңдастырудың 3 фактісінің жолы кесілді. Қылмыстық топ мүшелеріне 100 кг-дан астам есірткі заты, 84 тоннадан астам прекурсор және 24 тонна көкнәр сабаны тәркіленді, - деп айтты Әмірханов.

Өзгелердің жаңалығы