Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Сейсенбіде еліміздің кей жерінде тұман түсіп, жаяу бұрқасын соғады, көктайғақ болады, жел күшейеді, деп хабарлайды "Қазгидромет" РМК.
1 желтоқсанда фронталды бөліктердің әсерінен оңтүстікте, оңтүстік-батыста кей жерде жаңбыр немесе қар жауады, солтүстік, шығыс, оңтүстік-шығыс және орталықта – аздап қар жауады. Қазақстанның қалған бөлігінде антициклон әсерінен жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Еліміздің кей жерінде тұман түсіп, жаяу бұрқасын соғады, көктайғақ болады, жел күшейеді.
Түркістан облысының кей жерінде тұман түсіп, жаяу бұрқасын соғады, желдің жылдамдығы 15-20 м/с жетеді.
Жамбыл облысының кей жерінде тұман түседі, жел күшейіп жылдамдығы 15-20 м/с жетеді, күндіз өңірде көктайғақ болуы ықтимал.
Алматы облысында түнде және таңертең кей жерлерде тұман түсуі мүмкін, күндіз Жалаңашкөл ауданында жел 15-20 м/с жетеді.
Қызылорда, Маңғыстау, күндіз Қарағанды облыстарында кей жерде жел 15-20 м/с күшейеді, Маңғыстау облысында кей жерде көктайғақ болуы ықтимал.
Ақмола, Батыс Қазақстан, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Шығыс Қазақстан облыстарында тұман түсуі ықтимал, Ақмола облысының кей жерінде – жаяу бұрқасын соғады.