1 тамыздан бері 313 адам пневмониядан көз жұмған

6 Қыркүйек 2020, 09:03
1075
Бөлісу:
1 тамыздан бері 313 адам пневмониядан көз жұмған

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Өткен тәулікте коронавирустық инфекция белгілері бар пневмонияның 423 жағдайы және 3 өлім жағдайы тіркелді. 

Оған қоса 83 адам емделіп шықты. 

1 тамыздан барлығы: ауырғандар - 27 623, 313 өлім жағдайы тіркелді, ал жазылып шыққандардың саны 5 957-ге жетті. 

Қазіргі уақытта коронавирустық инфекциядан 5 151 адам ем қабылдауды жалғастыруда. Олардың арасында 31 бала бар. Стационарларда 2 761 науқас жатыр. 2 390 адам амбулаториялық жағдайда емделуде.

Жалпы науқастардың арасында 147 адамның ахуалы нашар. Соның ішінде 18 науқастың ахуалы аса қатты ауыр деп бағалануда. 24 науқас өкпені жасанды желдету аппаратында жатыр.

8f38a586-7cc1-484d-8a60-71c8b2a0b495.jpg


Өзгелердің жаңалығы