Нұр- Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы бас санитарлық дәрігер Айжан Есмағамбетова ҚР Президенті жанындағы ОКҚ-да онлайн өткен баспасөз конференциясында айтты.
Статистика 1 тамыздан бастап өзгереді, бүгінге дейін жинақтаушы коронавирус ПТР нәтижесі енгізіледі. Ол осыған дейін де статистикаға еніп келген. Енді 1 тамыздан бастап лабораториялық анықталмаған эпидемиологиялық және клиникалық негіздемелер негізіндегі коронавирус науқастары да есепке алынады. Бүгінде бұл науқастар бар, тек олар басқа код бойынша тіркелген. 12 шілде күні бізге ДДСҰ екінші кодты енгізу туралы айтты. Олар бүгін анықталмаған КВИ бойынша тіркелген. Карантин талаптары осы жағдайларды да ескеріп енгізілді. Яғни, 1 тамыздан бастап науқастардың саны қатты артып кетеді деп айта алмаймыз. Олар тек ресми статистикаға енеді, - деді ол.
Есмағамбетова айтып өткендей, бүгінгі таңда атқарылып жатқан дәрі-дәрмек пен кереует орындарымен қамту жұмыстары да осы науқастар есебін ескеріп жүзеге асырылып отыр.
Аурудың халықаралық классификациялық тізімінде кодтардың саны 18-ді құрайды, - деді ол.
Сондай-ақ бас санитар дәрігер аяғы ауыр әйелдердің қайтыс болуына қатысты пікірін білдірді.
Аяғы ауыр әйелдер де өзге азаматтар сияқты КВИ жұқтыруы мүмкін. Әрбір ана өлімінің жағдайы Денсаулық сақтау министрлігі жанындағы республикалық штабта қаралады. Онда сарапшылар аурудың оқиғасы мен тарихын зерттейді. Провизорлық және инфекциялық стационарларда құзырлы органдар тексеру жұмыстарын жүргізіп тұрады, - деді ол.