Пойыз "Қорғас-Алтынкөл" шекара өткелі арқылы өтетін болады, деп хабарлайды BAQ.KZ "Қазақстан темір жолы" ҰК" АҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
"ҚТЖ" ҰК" АҚ мен Сиань қаласы мэриясының (ҚХР) басшылығы ҚХР-дан Алматыға алғашқы туристік пойызды іске қосу бойынша келіссөздер жүргізді.
Тараптар 2024 жылғы 26 маусымда Сиань қаласынан құрамды іске қосуға және оның 1 шілдеде Алматыға келуін ұйымдастыруға келісті.
Құрамында 246 жолаушы жеткізетін 9 вагон болады деп жоспарлануда.