1 шілдеге арналған ауа райы болжамы

1 Шілде 2019, 08:15
2161
Бөлісу:
1 шілдеге арналған ауа райы болжамы

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. "Қазгидромет" РМК синоптиктерінің болжамына қарағанда, атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты республиканың батысында, солтүстік-батысында, шығысы және орталығында ауа райы тұрақсыз, жаңбыр және найзағай болады, жел күшейеді, бұршақ, дауыл болады.

Қостанай облысында таңертең және күндіз кей жерінде найзағай, дауыл болып, бұршақ жаууы ықтимал, түнде кей жерінде жел 15-20 м/с, күндіз 15-20, екпіні 23 м/с күшейеді.

Шығыс Қазақстан облысының кей жерінде жел 15-20, екпіні 23 м/с күшейеді, түнде кей жерінде найзағай түседі.

Маңғыстау, күндіз Қарағанды облыстарының кей жерінде найзағай болып, жел 15-20 м/с күшейеді.

Атырау облысының кей жерінде найзағай болып, күндіз кей жерінде дауыл, жел 15-20 м/с күшейеді, бұршақ жаууы ықтимал.

Ақтөбе облысының кей жерінде найзағай, дауыл болып, жел 15-20 м/с күшейеді бұршақ жаууы мүмкін.

Солтүстік Қазақстан, Батыс Қазақстан, Жамбыл, Қызылорда, түнде Алматы, күндіз Ақмола облыстарының кей жерінде жел 15-20 м/с күшейеді.   

Алматы, Жамбыл, Түркістан, Қостанай облысының кей жерінде, Қарағанды облысында қатты  ыстық болады.

Қызылорда, Түркістан облысының кей жерінде өте қатты ыстық болады.

Қызылорда, Түркістан, Жамбыл облыстарында, Ақтөбе облысының кей жерінде, Қостанай, Алматы облыстарының кей жерінде жоғары өрт қаупі сақталады.                                       

Өзгелердің жаңалығы