Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 1 сәуірде Қазақстанның басым бөлігінде күн райы жауын-шашынсыз болады. Тек солтүстікте, солтүстік-батыста солтүстік-батыстан жылжыған циклон әлі де өз әсерін тигізеді, деп хабарлайды Қазгидромет.
Қазгидромет мәліметіне қарағанда, Қазақстан бойынша жел күшейіп, тұман түседі, солтүстікте – жаяу бұрқасын, көктайғақ болуы ықтимал.
Түнде және таңертең Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігінде, батысында тұман, көктайғақ, жаяу бұрқасын болады, өңірдің солтүстігінде, батысында жел 15-20 м/с күшейеді.
Қостанай облысының солтүстігінде, оңтүстігінде тұман, көктайғақ, солтүстігінде, шығысында желдің екпіні 15-20 м/с жетеді.
Түнде және таңертең Жамбыл облысының оңтүстігінде, солтүстік-шығысында және таулы аудандарында тұман түседі, түнде солтүстік-шығысында және таулы аудандарда жел 15-20 м/с күшейеді.
Батыс Қазақстан облысының солтүстік-батысында тұман, күндіз облыстың батысы мен солтүстігінде желдің жылдамдығы -15-20 м/с.
Алматы облысының Алакөл көлдерінің ауданында желдің екпіні 25 м/с жетеді.
Түнде және таңертең Ақмола облысының батысында, оңтүстігінде тұман, облыстың солтүстігінде, батысында соққан желдің жылдамдығы 15-20 м/с болады.
Атырау облысының солтүстігінде, түнде және таңертең Маңғыстау, Павлодар облыстарының оңтүстігінде, түнде Шығыс Қазақстан облысының шығысында, Ақтөбе облысының оңтүстігінде тұман түседі.