Бүгін кей облыста бұршақ жауып, найзағай түседі

1 Сәуір 2019, 08:15
2630
Бөлісу:
Бүгін кей облыста бұршақ жауып, найзағай түседі

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. "Қазгидромет" РМК синоптиктерінің болжамына қарағанда бүгін еліміздің кей жерінде тұман түсіп, жел күшейеді. Оңтүстікте найзағай түсіп, дауыл болады. Бұршақ жаууы мүмкін.

Қазақстанның басым аумағында атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуіне байланысты жауын-шашын, оңтүстіктің кей жерінде қатты жауын-шашын, тек батыста ауа райы жауын-шашынсыз болады. Кей жерде тұман түсіп, желдің күшеюі ықтимал, оңтүстікте найзағай, дауыл күтіледі, бұршақ болуы мүмкін.

Жамбыл облысының кей жерінде тұман, кей жерінде желдің күші 15-20 м/с, екпіні 23-28 м/с,  облыстың оңтүстік-шығысында 30 м/с жөне одан жоғары болуы ықтимал.

Түркістан облысының кей жерінде найзағай болып, тұман түседі, бұршақ жаууы ықтимал, жел жылдамдығы 15-20 м/с, түнде екпіні 23-28 м/с күшеюі  күтіледі.

Қызылорда облысының кей жерінде тұман, найзағай, бұршақ болуы ықтимал, түнде жел 15-20 м/с, екпіні 25 м/с, күндіз кей жерінде 15-20 м/с күшеюі  күтіледі. 

Солтүстік Қазақстан облысының кей жерінде тұман, түнде көктайғақ, кей жерінде түнде желдің күші 15-20 м/с, күндіз 15-20 м/с, екпіні 23 м/с күшеюі  күтіледі. 

Манғыстау, Қостанай, Қарағанда облыстарының кей жерінде тұман күтіледі, жел 15-20 м/с  күшейеді.  

Ақмолада, түнде Павлодар облыстарының кей жерінде тұман, көктайғақ  күтіледі. 

Атырау, Батыс Қазақстан облыстарында, түнде және күндіз Шығыс Қазақстан  облысының кей жерінде тұман күтіледі. 

Күндіз Алматы облысының кей жерінде жел жылдамдығы 15-20 м/с жетуі мүмкін.

Өзгелердің жаңалығы